Зерттеу

Зерттеу

Бар шаруа терең зерттеуден басталады. Біз тарихты, мәдениетті, өнерді және әлеуметтік контексті танып-білеміз, архивтерді, кітаптар мен визуал материалды барынша зерттейміз. Өйткені бұлардың бәрі болмаса, бірде-бір идея тумайды.

Тұжырымдама

Тұжырымдама

Зерттеуге сүйеніп, болашақ бұйымның тұжырымдамасы қалыптасады. Кейін ол эскиз бен 3D-модельге айналып, әшекей материалға түспей тұрып-ақ қандай болатынын көруге мүмкіндік береді.

Жасау

Жасау

Одан кейін прототип жасау мен құю кезеңі басталады. Дәл осы сәтте пішін технология мен металлға салынып, нақты затқа айнала бастайды.

Өңдеу

Өңдеу

Келесі кезең — қолдан өңдеу және тас қондыру. Әшекейдің мінезі мен сипатын айқындайтын да осы тұс: мұнда бәрін дәлдік пен шеберлік шешеді.

Қорытынды кезең

Қорытынды кезең

Соңғы кезеңдерге жылтырату, сапасын тексеру және заңдық сертификаттау кіреді — яғни бұйымды мінсіз күйіне жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Ал процестің аяғын фототүсірілім мен витринаға дайындау түйіндейді. Әшекей дәл осы сәтте алғаш рет өз иесімен жүздеседі.