KazakhYuvelir 85 жылдығына арналған байқау

Сіздің тарихыңыз авторлық жүзікке айналуы мүмкін

Өз авторлық жүзігіңізді жасауға мүмкіндік алыңыз

Бір чекпен 300 000 ₸ асатын сомаға сатып алыңыз да, чекті 31 тамыз күнінен кешіктірмей тіркеңіз.

15 қыркүйекте үш жеңімпазды анықтаймыз. Олардың әрқайсысы KazakhYuvelir дизайнерлері мен зергерлерімен бірге өз тарихының желісі бойынша жүзік жасайды.

Қатысу
Байқау жүлделері

Үш авторлық жүзік

1

1-орын

750 сынамалы алтыннан жасалған авторлық жүзік, 5 г-ға дейін.

2

2-орын

585 сынамалы алтыннан жасалған авторлық жүзік, 5 г-ға дейін.

3

3-орын

925 сынамалы күмістен жасалған авторлық жүзік, 5 г-ға дейін.

Әр жүлдеге тұжырымдаманы әзірлеу, эскиз, 3D-үлгі, дайындау, сынамалау және таңбалау кіреді.

Ұйымдастырушымен бөлек келісілмесе, жүзіктер тассыз жасалады.

Қатысу жолы

Қатыссам деймін! Не істеу керек?

I

Әшекей сатып алыңыз

2026 жылғы 1 шілдеден бастап, 31 тамыздан қалмай KazakhYuvelir-ден 300 000 ₸ асатын сомаға әшекей сатып алыңыз.

Чекті сақтап қойыңыз — тіркеліп, қатысатыныңызды растауға керек болады.

II

Чекті тіркетіңіз

Байқау бетінде шағын анкета толтырып, чектің нөмірін жазыңыз.

Қатысу үшін KazakhYuvelir бейілдік картасы керек болады: картаңыз бар болса — карта байланған телефон нөмірін жазыңыз; әлі картаңыз жоқ болса — өз қалаңыздағы салоннан аштырып алыңыз.

III

Нәтижесін күтіңіз

Тіркелгеннен кейін өтініміңіз автомат түрде байқауға қатысушы болады.

2026 жылғы 15 қыркүйекте үш жеңімпаздың аты-жөнін KazakhYuvelir ресми парақшаларында жариялап, оларға өздері көрсеткен телефонға хабарласамыз.

Байқау аяқталды

Өкінішке орай, байқаудың өткізілу мерзімі аяқталды. Қызығушылығыңызға рахмет - болашақ байқауларды өткізіп алмау үшін жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыз.

Үш жеңімпазды не күтіп тұр

KazakhYuvelir командасымен бірге әр жеңімпаз идеядан дайын авторлық жүзікке дейінгі жолдан өтеді.

Бұл жолдан байқаудың үш жеңімпазы ғана өтеді.

Тіркелу үшін жүзіктің идеясы немесе эскизі алдын ала талап етілмейді.

I
Идея
Идея
II
Эскиз
Эскиз
III
Келісу
Келісу
IV
Өндіріс
Өндіріс
V
Дайын жүзік
Дайын жүзік