Mäñgilik Qūndylyqtar

Бұл топтаманың KazakhYuvelir зергерлік үйі шығаратын бұйымдар арасындағы орны ерекше. Ол отбасы, өмір жолы және ұрпақтан ұрпаққа жететін әулет жады тақырыптарымен байланысты. «Мәңгілік құндылықтар» деген атауының өзінде брендтің басты ұстанымы бекітілген.

Mäñgilik Qūndylyqtar

Отбасы шежіресі

Бұл топтама уақыт өте толыға түсетін әңгіме іспетті. Атастыру жүзігінен басталып, оған өзге бұйымдар — сырға, салпыншақ, білезік қосылады. Әр бұйым адам өміріндегі бір кезеңге байланысты. Уақыт өте әшекейлер бір жүйе құрып, өмір бойы адамның жанында жүретін әрі ары қарай мирас қылуға болатын жеке шежіресіне айналады.

Ою тілі

Топтамада негізгі мәндерді жеткізетін ою-өрнек қолданылады. Qarlyğash — мейірім мен адалдықтың нышаны. Tūietaban — өмір жолы, орнықтылық пен ішкі тіректің белгісі. Бұл сарындар жақындық, таңдау және ортақ өмір туралы айтуға сеп болатын белгі іспетті көрінеді. Адамның өзінің жеке, өз мәдениетінен тамыр тартатын махаббат тілі де осылай құралып, қалыптасады.

(2 дана)
Сақина, Бриллиант

1 175 850 ₸

Ақ алтын
Сақина, Бриллиант

1 028 500 ₸

Ақ алтын