Екі әулет құдаласып, төскейде малы, төсекте басы қосылғанының нышаны іспетті салынатын құдағи-жүзіктің заманауи интерпретациясы. Топтаманың өзегі — екі шаңырақ, екі әулет қосылып, екі ортадан жаңа шаңырақ көтерілді дегенді білдіретін идея.
Anağa Tağzym
KazakhYuvelir Светлана Айтбаеваға арнаған мұра-топтамасы. Отбасының өзегі мен тірегі бола білген әйелдерге құрметтің нышаны іспетті туған, адамдар ғана емес, әулеттер мен ұрпақтар арасында қалыптасатын байланысты көрсететін топтама.

Екі әулеттің басы қосылған





01 - 05
Дизайн
Әшекейдің пішіні шаңырақ, айқас ою, дәнді бедер мен Ұмай-ана бейнесінің нышаны іспетті үшбұрыш элементтерге сүйеніп құрылған. Әшекейдің бойына отбасының тірегі болатын ұрпақтар сабақтастығы, сыйластық пен береке мәні дарыған.
(3 дана)

