Бұл бұйымдарда екі қабат қосылып, тастың табиғаттан туған болмысы мен қазақ мәдени жүйесі араласа ұласқан. Өрнек, пішін мен композиция тасқа сән үстемейді, оның болмысын сақтап, зергерлік тілі арқылы аша түсіп, онымен диалог құрады.
KY Atelier
Бір-екі не шектеулі дана болып шығатын жинақтар желісі. Әр бұйым эскизден емес, түсі, пішіні мен ішкі қисыны бар ерекше тастан басталады.
Ондай тастар дизайнға қарай таңдалмайды, қайта дизайн сол тасқа қарай жасалады.

Симбиоз






01 - 06
Процесс
Әр жинақтың жасалуы — зерттеу іспетті. Архивтерді зерделеу, нышандар мен пішіндерді тану, оларды қайталауға емес, түсініп, түйсінуге ұмтылған жұмыс. Шешім біртіндеп, материал, пропорция мен баланс арқылы туады.
Жәдігер
Нәтижесінде жай ғана әшекей емес, тұтас өнер объектісі туады. Ол тиражға шықпайды, қайталанбайды, тек бойында тастың болмысын, шебердің жұмысы мен мәдени контекстіні сақтап, дара болып қала береді. KY Atelier — жеке жәдігерге айналатын біртуар бұйымдар.
(1 дана)
