Қазақ халқы киіз үйді әрі баспанасы, әрі дүниенің моделі деп таныған. Тік өлшемде киіз үй жоғарғы, ортаңғы және төменгі дүниелермен байланыстырып, космологиялық түсініктерді танытады. Көлденеңінен алғанда кеңістік әрбірінің терең символизмі бар жеті киелі аумаққа бөлінеді.
Otau
Бұл – отбасы, ұрпақ жалғастығы, темірқазық – туған үй туралы айтатын топтама. «Отау» сөзінің өзін өзге тілге аудару қиын, оның мәні – жас отбасының ішкі тірегі мен оны сырткөзден, сырт әлемнен қорғау идеясына ұласады.

Киіз үй









Шаңырақ
Киіз үйдің құрылымын қалыптастыратын орталық әрі негізгі элементі. Үйге жарық шаңырақтан түседі, ауа да шаңырақтан кіреді, оған қоса ол ұрпақтан ұрпаққа жететін береке мен бірліктің, ырыс пен құттың нышаны.
Кереге
Үйдің берік іргесі. Қазақтың «керегең кең, шаңырағың биік болсын» деген сөзі орнықтылық, тұрақтылық, береке мен бірлік идеясына жетелейді.
Басқұр
Басқұр – кереге басын біріктіріп, үй ішіне сән беретін элемент. Топтамада басқұр идеясын тұтас бір жүйе болып бірігетін салпыншақ элементтер жеткізеді.









